үй Қазақстан жаңалықтары Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді ...

Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді Кеше, 17:52

80
0

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өткені туралы SMS-құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Алайда шын мәнінде олар екпе

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Екпе алмаған қазақстандықтарға SMS-құттықтау келген: ДСМ пікір білдірді
                Кеше, 17:52

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде вакцинациядан өткені туралы SMS-құттықтаулар келіп жатқанын айтып шағымданды. Алайда шын мәнінде олар екпе алмаған. Тұрғындар осыдан біреулер «ақша таппақ» деп күдіктенген. Вице-министр Бейбіт Есенбаев жағдайдың үш ықтимал себебін атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есенбаев айтқан себептердің бірі — адам факторы. Медицина қызметкері ақпараттық жүйеге басқа науқастың деректерін қате енгізуі мүмкін.

«Екінші нұсқа — медициналық ұйымдар тарапынан ақпаратты әдейі енгізу. Үшінші нұсқа — мобильді деректер базасына нөмірді енгізу кезінде қате болуы мүмкін», — дейді министрдің орынбасары.

Егер тұрғын да, оның балалары да екпе алмаған болса, бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарлау керек.

«Екінші нұсқа — eGovmobile мобильді қосымшасындағы eDensaulyq бөліміндегі ақпаратты түзетуге өтініш беру. Бұл электрон өтініш Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына да түседі және қажетті шаралар қабылданады», — деп сендірді Есенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz