үй Қазақстан жаңалықтары Елімізде кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

Елімізде кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

64
0

298 Awrora

Елімізде кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова осы жылы декларациядан өту кімдерге міндетті екеніне тоқталды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Онда декларацияны квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсырады. Квазимемлекеттік секторға ЖШС, АҚ, ұлттық холдингтер жатады. Осылайша, осы салаларда жұмыс істейтіндердің барлығы 250 форма бойынша ұсынуға міндеттеме алады, — деп атап өтті Әсем Тұрлыбекова

-250 форма бойынша тапсырғаннан кейін, жыл сайын 270 форма бойынша декларацияны тапсыру міндеттеледі. Декларацияны толтыру кезінде ҚР аумағында бар барлық мүлікті көрсетудің қажеті жоқ. Негізгі назар шетелдегі активтерге, сондай-ақ 10 000 АЕК-тен аспайтын қолма-қол ақшаға аударылады. Сонымен қатар инвестициялық алтын, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тұрғын үй құрылысындағы үлесі және егер ҚР тыс жерлерде жылжымайтын немесе жылжымалы мүлік болса, шетелдік банктерде қаражат сомасы 1 000 АЕК-тен асса көрсетіледі, — деп толықтырды Әсем Тұрлыбекова.

Елімізде кірістер мен мүліктерді жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды

— Айта кету керек, декларация жыл сайын қағаз жүзінде 15 шілдеге дейін, электронды түрде – 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Сіз EGOV порталын немесе ыңғайлы e-salyq azamat қосымшасын қолдана аласыз. 250 нысанды ұсынғаннан кейін жыл сайын 270 нысанды ұсыну қажет, — деп қорытындылады Әсем Тұрлыбекова.

Жалпыға бірдей декларация тапсыру арқылы көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен күресуді, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету ашықтығы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік керістер департаменті салық төлеушінің бастапқы декларациясын және кейінгі декларацияларда көрсетілген мәліметтерді салыстырады.

Декларацияны ұсынбағандар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет ескерту берілсе, екінші ретінде 15 АЕК, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Источник: dknews.kz