үй Қазақстан жаңалықтары Еліміздің батыс өңірлерінде жаяу жүргіншілерге арналған заманауи жолақтар орнатылды

Еліміздің батыс өңірлерінде жаяу жүргіншілерге арналған заманауи жолақтар орнатылды

14
0


                Еліміздің батыс өңірлерінде жаяу жүргіншілерге арналған заманауи жолақтар орнатылды

Фото: ғаламтордан

Жаяу жүргіншілерге арналған мұндай жолақтардың ерекшелігі, ол алыстан адам көзіне бірден көрінеді. Бұдан бөлек күн райының қолайсыз кездері мен қысқы уақытта да оны анық байқауға болады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Алматы, NEGE. 2023 жылдың басынан бері осындай үлгідегі жолақтар тағы екі өңірге қойылды. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында Р-33 «Доссор-Құлсары-Ақтау» автожолының 179-шы мен 719-шы шақырымындарында және Атырау облысында А-27 «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» республикалық жолының 846 шақырымында орнатылды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тың үлгідегі жолақтар Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жолына қойылған болатын.

Аталған өткел арнайы орнатылған проекциялық құрылғының көмегімен жарықтандырылады. Бұл технологиялар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса қауіпті учаскелеріне, атап айтқанда елді мекендердің жанында, сондай-ақ жарығы төмен жолдардың учаскелерінде және жолдың бойындағы сервистік нысандардың маңында орнатылады.

Заманауи технологияларды енгізу мен республикалық маңыздағы жолдарда қауіпсіздікті арттыру мақсатында түрлі инновациялық шешімдер ұдайы қолданылып келе жатқанын айта кетейік. Мысалы, 2022 жылдың басынан бастап осы күнге дейін республика бойынша жол қызметінің мамандары 106 дана жарықдиодты страбоскоп құрылғысын, 38 дана жарықдиодты жол белгісін және 6500-ден астам жарықдиодты катафотты орнатқан.

Сондай-ақ былтыр Ақмола облысының республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында КД-3 – «мысық жанары» («кошачий глаз») заманауи шағылыстырғыш элементтері қойылды. Бұл көру мүмкіндігі шектеулі жерлерде жол төсемінің немесе жолақтардың шекараларын белгілеу үшін қажет.

Источник: nege.kz