үй Қазақстан жаңалықтары Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

1433
0

317 rob

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

Бүгінде елорда тұрғындарының 33,08%-ы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады, олардың саны 406 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қалада бұқаралық спорттың қалай дамып келе жатқаны туралы онлайн-брифингте Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада бұқаралық спортты дамыту бойынша көптеген іс-шара өткізілуде.

«2022 жылдың қорытындысы бойынша қалада дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 406 552 адам айналысады. Бұл тұрғындардың жалпы санының 33,08%-ын құрайды. (2020 жыл 370 772 адам, 31,7%). 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр» Самат Жылқыбаев

Ол өткен жылы елордада алғаш рет бокс, көркем гимнастика, жекпе-жек өнері орталықтары, жекпе-жек залы ашылғанын еске салды, онда жаттығулар қаланың құрама және спорт мектептері үшін тегін өткізіледі.

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

Қала тұрғындары үшін жаппай дене шынықтыру сабақтарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Көктал-2 және Өндіріс елді мекендерінде екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Онда 10 спорт түрі бойынша мыңға жуық бала жаттығады. Мұндай кешеннің құрылысы тағы екі елді мекенде жүргізіліп жатыр.

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

Сондай-ақ «Толқын» спорт кешені мен «Жастар» сарайында жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Елордада бұқаралық спорт қалай дамып жатыр

«Бұқаралық спортты қаржыландыру 3 есеге артты. Қ. Мұнайтпасов атындағы футбол стадионы мен «Қазақстан» спорт сарайын қайта құру және жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жоспар бойынша аяқталу мерзімі – 2024 жыл. Бұдан басқа 2022 жылы қалада мамандандырылған спорттық медициналық орталық және «Арғымақ» ат-сауықтыру кешені ашылды. Спорттық медициналық орталық спорт медицинасын, оңалту және қалпына келтіру саласындағы ең заманауи жабдықтармен жабдықталған. Түрлі деңгейдегі жарыстарға, оқу-жаттығу процесіне медициналық сүйемелдеуді жүзеге асырады. Спорттық және басқа да жарақаттардың алдын алу, емдеу, қалпына келтіру секілді жағдайлар қарастырылған», — деді спорт басқармасының басшысы.

Ат спорты кешені ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерін (конкур, көкпар, аударыспақ, бәйге, теңге ілу, жамбы ату) дамытуға, сондай-ақ иппотерапия әдісімен мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты 2023 жылы бастау жоспарланып отыр.

Елордада жоспарланған спорттық іс-шараларға келетін болсақ, 19 ақпанда қалада жыл сайынғы «Бұрқасын-2023» қысқы фестивалі өтеді. Оның алаңында шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, белбеу күресі, арқан тарту, авто және мотоспорт және т.б. сияқты 10 спорт түрінен жарыстар өтеді.

Бұдан басқа, алдағы ақпан-наурыз айларында қысқы триатлоннан жарыстар, ат спортына бірнеше жарыс, «солтүстік өңір» көкпары, сондай-ақ алдағы Наурыз мерекесіне байланысты бірқатар бұқаралық спорттық іс-шаралар жоспарланған.

Источник: dknews.kz