135 Арман
Астанада өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне арнап шырша тойы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан. Қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері тәрбиешілер мен балаларды жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік іс-шараға Білім басқармасының басшысы, елордалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің өкілдері қатысты. Мерекелік іс-шара барысында олар әртүрлі ертегі кейіпкерлеріне еліктеп киінген балалармен бірге шырша тойын бастау үшін Аяз ата мен Ақшақарды шақырды. Жаңажылдық мерекенің басты кейіпкерлері балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, олармен бірге шағын ойын өткізді.
«Жаңа жыл, ең алдымен, балалар мен бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке. Келе жатқан мереке құтты болсын! Тәуелсіздік арқылы ұлы Отанымыз жылдан жылға өркендеп, қарыштап дамып келеді. Бүгінгі бүлдіршін елімізде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақ. Зерделі де зерек, білімді де білікті болыңдар!» Қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев
Мерекелік жиында Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге шыршаны безендірді. Одан кейін балалар Аяз атаға арнайы дайындаған өлеңдерін оқып берді. Тиісінше тәтті сыйлықтарын алды.
Айта кетейік, балалар үйі мемлекеттік көмек пен қолдауға мұқтаж балалардың өмір сүруіне, оқуы мен тәрбиесіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Орталықта 6 коттедж бар, онда балалар тұратын топтар, мектепке дейінгі топ, әкімшілік, жеке медициналық блок, қойма бөлмелері, кір жуатын орын бар.
Бүгінгі таңда орталықта 60 бала тәрбиеленіп жатыр. Тәрбиеленушілер коттедждерде тұрады. Балаларға психологиялық, медициналық, заңгерлік көмек түрлері көрсетіледі. Мектеп жасындағы балалар №16, №8 жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Олар 5 реттік тамақпен, киім-кешекпен қамтамасыз етілген.
Источник: dknews.kz