үй Қазақстан жаңалықтары Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

16
0

204 rob

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды: 7:6, 4:6, 2:6.

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

«Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін көп қаншама күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бірінші финал — мұндай беделді турнирде. Бұл тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын» Альбина Какенова

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Альбина Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі, «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады.

Елордалық теннисші Австралияда өтіп жатқан турнирдің финалына жетті

Өткен жылы Қазақстан маусымды 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азия рейтингінде бірінші орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жетті.

Источник: dknews.kz