>

«Пай пай қазақтың келіндері -ай»
Ақтас кенті мәдени-сауық орталығында Қазақстанның отбасы күніне арналған «Пай пай қазақтың келіндері -ай» атты сайысы өтті. Сайысқа 5 келін қатысып, өздерінің жан-жақты дайындығын көрсетіп және ерекшеліктерімен танылды. Сайыс кезеңінде «Ақ шаңырақ»ЭМБ-нің жас әншілері: Қазбек Бексұлтан, Таласбаева Гауһар, Самарық Дана музыкалық сәлемдерін жолдады. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті деп санауға болады. Сайыскерлерді әділқазылар алқасы номинациялар бойынша іріктеді. «Сымбатты келін-Карибекова Д,Б,-Саран қаласынан,»Инабатты келін-24″-Жакупова Д. Б, Дубовка ауылынан ,»Өнерлі келін»- Амангелдина А.А, Қарағанды қаласынан,»Парасатты келін-24″Садыкова Ж.Ж. ,»Дәстүрлі келін-24″-Елубекова М.Б. номинацияларына лайықты болды. Қатысқан келіндерге диплом,бағалы сыйлықтар табысталды.
Источник: ГУ «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Сарани»
Источник: gurk.kz






