үй Қазақстан жаңалықтары Еще новости региона

Еще новости региона

10
0

>

Еще новости региона

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ ҚАРАЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттың І легі бойынша комиссия отырыстары басталды. Комиссия жұмысына облыс бойынша 1542 азаматтың өтінімі қабылданған. Оның ішінде 236 мүгедектігі бар азамат және пробация есебіндегі 5 азамат бар. Биыл мемлекеттік қайтарымсыз грант беру тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес, бұрын мемлекеттік грант немесе микрокредит алғандар, қызметін уақытша тоқтатқан дара кәсіпкерлер, мерзімі өткен берешегі бар азаматтар, еңбек шарты бар тұлғалар және талаптарға сәйкес келмейтін өзге де үміткерлер грант ала алмайды. Комиссия шешімі шыққаннан кейін Еңбек мобильділігі орталығы грант иегерлерімен шарт жасасып, қаражатты қолма-қол ақшасыз аударады. Грант алушылар екі жыл бойы тоқсан сайын бизнес-жоспардың орындалуы жөнінде есеп беріп, 18 ай ішінде кемінде бір тұрақты жұмыс орнын ашып, Мансап орталығының жолдамасымен жұмыс іздеушіні еңбекке орналастыруы тиіс. Комиссия отырыстары әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетілуде. Жобаларды қарау 15 шілдеге дейін жалғасады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ «Аппарат акима Туркестанской области»

Источник: gurk.kz