үй Қазақстан жаңалықтары Еще новости региона

Еще новости региона

13
0

>

Еще новости региона

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, Әл-Фараби және Еңбекші аудандары тұрғындарының өтініштері бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында интернет-алаяқтықтың 330 фактісі тіркелген.Қылмыстардың ашылу деңгейі 41,3 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып тұр. Жәбірленушілерге 214 млн теңге қайтарылып, 3,3 мыңнан астам банк шоты бұғатталды және 15,5 млн теңгенің заңсыз аударылуына жол берілмеді.Сонымен қатар, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, қылмыстық топтардың жолы кесілді, дропперлер мен киберқылмысқа қатысы бар тұлғалар ұсталды. Қалада іске қосылған ANTIFRAUD CALL CENTER орталығы күн сайын шамамен 1 700 алаяқтық қоңырауды бұғаттайды.Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл алдағы уақытта да жалғасады. Әсіресе, алдын алу шараларын күшейтуге, халықтың қаржылық сауатын арттыруға, алаяқтықтың жаңа тәсілдерін дер кезінде анықтауға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға басымдық беріледі.Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Әл-Фараби ауданының әкімі Марат Мықтыбеков 2023-2026 жылдары қала әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері барысында түскен 984 өтініштің қаралып, оның 853-і немесе 86,7 пайызы орындалғанын баяндады.Қалған өтініштер белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалу сатысында. Өтініштердің басым бөлігі инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, абаттандыруға, сондай-ақ, жер және тұрғын үй мәселелеріне қатысты.Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбектің айтуынша, 2023-2026 жылдары қала әкімінің аудан тұрғындарымен кездесулері барысында 865 өтініш қаралып, оның 753-і немесе 87,1 пайызы оң шешімін тапқан.

 Қалған мәселелер бойынша орындау мерзімдері белгіленіп, тиісті жұмыс жалғасуда. Өтініштердің басым бөлігі инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, абаттандыруға, сондай-ақ, жер және тұрғын үй қатынастарына қатысты болып отыр.Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі интернет-алаяқтыққа қарсы жұмысты күшейтіп, тұрғындар өтініштерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.Мегаполис басшысы, сонымен қатар, аудан әкімдері мен салалық басқармалар басшыларына тұйық көшелерді асфальттау жұмысын жедел аяқтау қажеттігін ерекше атап өтті.Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жарықтандырылуына және көшелерді жарықтандыру жүйесіндегі ақау түскен элементтердің уақтылы ауыстырылуына ерекше назар аудару тапсырылды. Қала әкімі мердігер ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейтуді, ал келісімшарт міндеттемелері тиісінше орындалмаған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында ең қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.

Источник: ​ГУ «Аппарат акима города Шымкент»

Источник: gurk.kz