үй Қазақстан жаңалықтары Еще новости региона

Еще новости региона

17
0

>

Еще новости региона

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 29 ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫП, 114 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында шағын өндірістік парктер кәсіпкерлер үшін тиімді алаңға айналып келеді. Бүгінде өңір аумағында 29 шағын өндірістік парк құрылып, онда 275 өндірістік ғимараттың құрылысы басталған. Оның 165-інің құрылысы аяқталды. Өндірістік парктерде жалпы құны 226,9 млрд теңге болатын 269 жоба жасақталған. Қазіргі таңда оның 114-і іске қосылды. Жобалар негізінен құрылыс материалдарын, жиһаз және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында облыс әкімі бірқатар аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, өндірістік парктерге кәсіпорындарды орналастыру және екінші кезеңді іске асыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. – Маған нақты нәтиже керек. Кәсіпкерге жағдай жасалса, нақты ұсыныс беріліп, келіссөздер дұрыс жүргізілсе, инвесторлар келеді. Сондықтан өндірістік парктерді тек ғимарат салу деп түсінбеуіміз керек. Ең бастысы – дайын нысандарды кәсіпкерлермен толтырып, өндірісті іске қосу. Әр жобаның артында инвестиция, өндіріс және жаңа жұмыс орны тұруы тиіс. Аудан, қала әкімдері осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істеуі қажет, – деді Нұралхан Көшеров. Жиында Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқарма басшысының орынбасары Самат Көшкінбаевтың өндірістік парктерді құру жұмыстарының барысы туралы есебі тыңдалды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, әр өндірістік паркте кемінде 5 өндірістік ғимараттан салу көзделген. Бірқатар аудандарда алғашқы кезең аяқталып, кәсіпкерлердің жобалары іске қосылуда. Мәселен, Сауран ауданында 8 ауылдық округте өндірістік парктер құрылып, 196 ғимарат салу жоспарланған. Қазіргі таңда 130 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Оның 40-ы аяқталып, 30 жоба іске қосылды. Бұл жобаларға 18,4 млрд теңге инвестиция тартылып, 783 жұмыс орны құрылды. Шардара ауданында 6 ғимарат салынып, 530 млн теңгенің 6 жобасы іске қосылды. Нәтижесінде 31 жұмыс орны ашылды. Қазығұртта 6 жоба жүзеге асып, 22 адам жұмыспен қамтылды. Ордабасыда 1,25 млрд теңгенің 5 жобасы іске қосылып, 53 жұмыс орны құрылды. Төлеби ауданында 1,2 млрд теңгенің 5 жобасы іске қосылып, 85 жаңа жұмыс орны ашылды. Түркістан қаласындағы 20 гектарлық өндірістік парк құрылды. Мұнда құны 10,8 млрд теңге болатын 4 жоба орналастырылады. Жобалар іске қосылғанда 550 жаңа жұмыс орны ашылады. Өндірістік парктердегі жобаларды қаржыландыруда «Ауыл аманаты» бағдарламасының да үлесі бар. Бүгінде осы бағдарлама арқылы 373,5 млн теңгеге 15 жоба қаржыландырылды. Өндірістік парктерді құру және жобаларды іске асыру барысы облыс әкімінің тікелей бақылауында. Жұмыстар апта сайын штаб отырыстарында қаралады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник: ГУ «Аппарат акима Туркестанской области»

Источник: gurk.kz