үй Қазақстан жаңалықтары Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

70
0

187 Awrora

Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Глеб Малиновский есімі  футболсүйер   қауымға етене таныс. «Жетісу» клубының қақпашысы ерекше ойын өрнегімен бірталай жанкүйердің жүрегін баурап алған.  Отан алдындағы борышын өткеруге шақырту алған спортшы клуб арасындағы келісімшартын уақытша тоқтатып, Ұлттық ұлан қатарына қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  6679 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеуші Жетісу облысы Қарабұлақ ауылының тумасы. 

Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

Ала доптың аламанына алты жасынан ат ізін салған ұландық алғашында шабуылшы шебінде ойнапты. «Жетісу» футбол клубының жаспөспірімдер тобындағы доп  додасының бірінде  қақпашы жарақат алып, орынын Глебқа тапсырады. Қақпаға бағытталған толассыз  соққыларға тойтарыс берген жас өрен бұдан кейін клубтың негізгі қақпашысына айналады.   

Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

«Ойынның елу пайызы қақпашыға байланысты. Сондықтан, маған артылған жауапкершілік те  жоғары. Бірінші лигада ойын көрсеткен  жетісулық клуб 2021 жылы турнир кестесінде  бірінші орынға ие болып, премьер лигаға жолдама алды.  Мұндай  мерейлі күнге жету жолында қосқан  титтей де үлесім үшін өзімді бақытты санаймын. Сондай-ақ, Ұлттық құраманың жиырма бір жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы жиындарға біраз мәрте шақырылдым»  Глеб Малиновский

Павлодар қаласындағы әскери бөлім жауынгерлік даярлықтан бөлек, спорттық  іс-шараларды жиі ұйымдастырады. Бұл, әсіресе, Глеб үшін  таптырмас  бағалы  шақ  болып табылады. 

«Павлодар гарнизонында ұйымдастырылған футболдан өткен турнирлерде  қатардағы жауынгер кәсібилігімен көзге түсті. Сондай-ақ, Глебтің жауынгерлік даярлығы да жоғары деңгейде» Рота командирі капитан Нұржігіт Алпысбаев   

Футболшы және сарбаз: Глеб Малиновский екі майданда

Порту клубының ойыншысы Икер Касильясты үлгі тұтатын сарбаз әскер сапында да қажетті  жаттығуларын жасап жүр. Ол мерзімді әскери қызметін өткергеннен кейін клубына қайта оралып, теңбіл доптың теңдесіз шеберіне айналуды мақсат тұтады. ​​​​​​​

Источник: dknews.kz