үй Қазақстан жаңалықтары Геологиялық зерттеулер: кіші Қаратау жотасының тау жыныстарының жасы белгілі болды

Геологиялық зерттеулер: кіші Қаратау жотасының тау жыныстарының жасы белгілі болды

23
0

207 rob

Геологиялық зерттеулер: кіші Қаратау жотасының тау жыныстарының жасы белгілі болды

Фотосурет: t.me/gylym_jogary_bilim

Satbayev University геологтары Кіші Қаратау жотасының тау жыныстарының абсолютті жасын нақтылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кіші Қаратау жотасы тау жыныстарының пайда болғанына 820 миллион жыл болды – АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті (Балтимор қаласы) зертханасында қазақстандық ғалымдар жүргізген мамандандырылған геологиялық зерттеулер осындай нәтиже көрсетіп отыр.

Зерттеуге Сәтбаев университеті «Геология» кафедрасының жетекші ғылыми жобасымен доцент, PhD докторы Сезім Мұстапаева, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Ерқожа Маманов, сондай-ақ «Геология» кафедрасының 2-курс студенті Айболат Талғатбек қатысты. Олар америкалық университеттің шақыруымен ол жақта 30 күндік тағылымдамадан өтті.

Тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу тарихын зерттеу үшін ғалымдар Қазақстаннан әкелінген үлгілердің радиометриялық мерзімдерін белгілеп, көміртегі изотоптарының құрамына талдау жасады.

Источник: dknews.kz