ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс. Таксиге" қатысты монополияға қарсы тергеулерді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс. Таксиге» қатысты монополияға қарсы тергеулерді аяқтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тергеп-тексерудің қорытындысы бойынша, компания бақылау-кассалық машиналардың бағдарламалық қамтамасыз етуін техникалық қолдау қызметтерін жүктеуде көрсетілген таксопарктердің экономикалық қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, «Яндекс. Такси» монополияға қарсы органға ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Яндекс Такси Қазақстанның цифрлық экожүйесін қолдау қорына өз еркімен 3 миллиард теңге аударды. Сондай-ақ агенттік пен «Яндекс. Такси» монополияға қарсы комплаенс жасасып, оның аясында мынадай шаралар кешенін іске асыру көзделген: Такси жүргізушілерімен тиімді қарым-қатынас жасау және клиенттермен байланысты қолдау үшін Call-орталықта «кәдімгі» оператор жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін келесі жүйелі шаралар қабылданды: «Яндекс» міндеттемелерінің монополияға қарсы комплаенс шеңберінде орындалуы Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік топтың бақылауында болады. Оның құрамына кәсіби қоғамдастықтардың сарапшылары (бастамашыл топтардың, көлік, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, әділет, цифрлық даму және инновациялар министрліктерінің, сондай-ақ таксопарктер қауымдастығының өкілдері) кіреді. Бұл туындайтын сын-қатерлерді уақтылы қарауға мүмкіндік береді». Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






