үй Қазақстан жаңалықтары Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың жаңа әдістері талқыланды

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың жаңа әдістері талқыланды

4
0


                Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың жаңа әдістері талқыланды

Фото: Polisia.kz

Астанада полицейлер мен дағдарыс орталықтарының қызметкерлері үшін “ODARA” халықаралық әдісінің көмегімен отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықты анықтау бойынша тренинг өтті. Тренингке тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен тығыз жұмыс істейтін полиция инспекторлары қатысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. “Интервенция орталығының” халықаралық сарапшылары мен ГФР Федералдық жерінің полиция қызметкері Рейнланд-Пфальц тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және “ODARA” тәуекелділікті бағалау тетіктерін енгізу бойынша оқыту тренингін өткізді.

Айта кетейік, “ODARA” – жақын әлеуметтік қарым-қатынастардағылардың зорлық-зомбылық жағдайларын қарастыруға мүмкіндік беру үшін Канаданың психикалық денсаулықты зерттеу орталығы әзірлеген сауалнама. Бұл сауалнама полиция қызметкерлеріне жұбайы тарапынан зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдығын бағалауға септеседі. Сауалнама 13 сұрақтан тұрады және тиісті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға бұл сауалнама не үшін жасалғаны, оның қалай жұмыс істейтіні және оның қаншалықты тиімді екендігі түсіндірілді.

Спикерлер Германияның жәбірленушіні қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органдарының кең өкілеттіктеріне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мәселелерді шешу агрессорды сөзсіз бас бостандығынан айыруға емес, оның толыққанды өмірге оралуына және жәбірленуші тараппен татуласуына бағытталғанын атап өтті. Осылайша неміс қоғамында агрессорды тек қылмыскер ретінде ғана емес, сонымен бірге психологиялық көмекке мұқтаж адам ретінде де қабылдайды.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары ҮЕҰ-мен бірлесіп агрессордың оны психотүзету жөніндегі өтініші негізінде жұмыс жүргізеді. Яғни, агрессияны басқару бойынша 1 жылдық курстар өткізіледі.

– Агрессордың курстан өтуі оның түзелуіне ғана емес, сонымен бірге жеңілірек жаза алуына, сондай-ақ оны мүлдем болдырмауына мүмкіндік береді. Агрессор психотүзету курстарынан өтуге ниет білдірген жағдайда, оған қатысты сот ісін жүргізу оларды өту кезеңіне тоқтатылады. Германияда “бас бостандығынан айыру” түріндегі жаза қылмыскер қоғамға нақты қауіп төндіретін жағдайда ғана тағайындалады, – деп атап өтті спикер.

Источник: nege.kz