үй Қазақстан жаңалықтары Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

81
0

199 rob

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Фотосурет: Akorda

Астана қаласының №1 Индустриялық паркін аралап көру барысында Мемлекет басшысы «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды DKNews.kz.  

2018 жылы негізі қаланған компания резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіреді.

Кәсіпорын жыл сайын 72 миллион бақылау-индикатор пломбалары мен өздігінен жабысатын лейблдер, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын 24 миллион дана сырға шығарады.

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

«Универсал» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» полипропилен қаптарын шығаратын зауытты, сондай-ақ Қазақстанның өзге де өңірлерінде крахмал және крахмалдың қантқа айналып үлгермеген түрін өндіретін ірі өндіріс орнын басқарады.  

Қазіргі уақытта Түркістан облысының Шардара қаласында жүгері дәнін терең өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зауыттың қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды.

Компаниялар тобы 80-нен астам өнім түрін шығарады. Мұнда 3400 адам жұмыс істейді. Салынған инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге.

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Инновациялық өндіріс: Қасым-Жомарт Тоқаев Пластмасса бұйымдарын шығаратын зауыттың жұмысын бағалады

Источник: dknews.kz