үй Қазақстан жаңалықтары Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

106
0

127 rob

Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

Фотосурет: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орталық мемлекеттік органдардың және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен қаланы дамыту тәсілдері қаралды.

Жоспарға сәйкес ол отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес-хабқа айналуы тиіс. Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь және т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ.

Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

Атап айтқанда, Алатау қаласын дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетін болады. Бұл соның ішінде салық және кедендік артықшылықтарға да қатысты.

Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

Сонымен қатар Алатау қаласының аумағында ерекше құқықтық режимді, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Премьер-Министр іске асыру кезінде халықаралық тәжірибені ескеріп, тиімділігі жоғары шараларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Жаңа бизнес-хаб: Алматы облысындағы қала Қазақстанның визит карточкасына айналады

Бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі айтылды.

Источник: dknews.kz