224 Арман

Фотосурет: Gov
Қазақстанда ХҚКО мен арнайы ХҚКО 1, 2 және 3 қаңтарда жұмыс істемейді, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Сенбі, 31 желтоқсанда кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО әдеттегідей сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. 4 қаңтардан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары келушілерді штаттық режимде қабылдайды» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі
Республикада 7 қаңтар мереке күні болып жарияланғандықтан, кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО жұмыс істемейді.
Источник: dknews.kz






