
Фото: ғаламтордан
Жаңатастағы төтенше жағдай салдарын бірнеше сағатта жою тапсырылды, деп хабарлады әкімдік.
Алматы, NEGE. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты. Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу бойынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.
«Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керек екенін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пункттері ретінде дайын тұруы маңызды.
«Шахан» қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен, электр энергиясына қосу керектігін жеткізді», — делінген хабарламада.
Источник: nege.kz






