Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Болжамға сәйкс, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. «Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтерілуі күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді», — делінген хабарламада. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz