Синоптиктер 29 қарашада елдің басым бөлігінде нөсер жаңбыр, көктайғақ, тұманға байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Синоптиктер 29 қарашада елдің басым бөлігінде нөсер жаңбыр, көктайғақ, тұманға байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысының шығысында тұман түседі. Жел батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында күші — 15-20 м/с. Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






