үй Қазақстан жаңалықтары Жамбыл облысында күн жылынып, бірнеше ауылды су басты ...

Жамбыл облысында күн жылынып, бірнеше ауылды су басты Кеше, 09:20

37
0

Жамбыл облысында бірнеше елді мекендегі көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты. Мұның себебі — күн күрт жылынуы және қардың уақтылы шығарылмауы.

  • АВТОР
  • Жансая Қадыржанова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Жамбыл облысында күн жылынып, бірнеше ауылды су басты
                Кеше, 09:20

Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында бірнеше елді мекендегі көшелер мен аулаларды еріген қар суы басты. Мұның себебі — күн күрт жылынуы және қардың уақтылы шығарылмауы. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауылдарда судан тазарту жұмыстары жүргізілген. Жағдай жауапты ведомстволардың бақылауында.

«Жаңатас қаласында жаңбыр суы, қар еруіне байланысты Бүркітті көлінде су көтерілді. Оқиға орнына Сарысу ауданының ТЖ бөлімінің құтқарушылары мен техниктері бірден жіберілді. 40-тан аса қызметкер жұмылдырылды», — деді Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары Мақсат Қосыбаев.

Өңірде дауыл туралы ескерту жарияланды. Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz