үй Қазақстан жаңалықтары Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

136
0

200 rob

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Фотосурет: Жамбыл облысының әкімдігі

15 желтоқсан сағат 06:00 — дегі жағдай бойынша 2413 адам құтқарылды, олардың ішінде 90 бала бар. 600-ге жуық адам үйлеріне қайтарылды. 1813 адам алты ауылдағы жылыту пункттеріне жеткізілді.  3 азамат Қордай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайлары тұрақты, дәрігердің бақылауында. Екі күн ішінде жалпы 5000 адам құтқарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.  

Құтқару жұмыстары жалғасуда. Облыстық ТЖ департаменті жанынан жедел желі ұйымдастырылды.

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта Қордай және Шу аудандарында қосымша 825 орындық 9 жылыту пункті ұйымдастырылған. Құтқару шараларына 171 адам және 76 бірлік техника жұмылдырылған. Жолдағы блок-бекеттерге полиция нарядтары қойылған.

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Электр желілерінің қалыпқа келтіру бойынша «Жамбыл электр желілері» ЖШС-мен 23 авариялық-құтқару тобы мен 27 арнайы техника жұмылдырылды. Газ құбырларының апаты тіркелген жоқ, штатты режимде берілуде.

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Төтенше жағдайларға байланысты «Шу-Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап қалған болатын. Шу аудандық көліктік прокуратураның ақпараты бойынша, қазіргі кезде жолаушылар пойыздары жүре бастады, жағдай бақылауда.

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Облыстың қалған елді мекендерінде жағдай тұрақты.

Жамбыл облысында ТЖ: құтқару жұмыстары жалғасуда

Айта кетейік, облыс әкімі Е. Қарашөкеевтің шешімімен 2023 жылғы 14 желтоқсанда Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге, сабырлық сақтауға шақырамыз.

Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды:

8 7262 513575, 51 41 67

Источник: dknews.kz