152 rob
Фотосурет: ҚР ТЖМ
ТЖМ және ІІМ қызметкерлері коммуналдық қызметтермен, волонтерлермен және қоғам қайраткерлерімен бірлесіп жатақханалар мен хостелдерді аралауда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Профилактикалық іс-шаралар барысында тұрғын үйдің өртке қарсы жағдайын тексеру жүргізіледі, тұрғындарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар беріледі.
Жеке тұрғын үйлерді жатақханалар мен хостелдер ретінде қайта жабдықтау өрт қауіпсіздігі саласындағы кейде сақталмайтын қосымша талаптарды орындауға әкеп соғады.
Рейдтер жүргізу кезінде жатақханаларда аса жиі кездесетін бұзушылықтар тұрғындардың ең көп санын орналастыру мақсатында үй-жайларды қайта салу қолдан жасалған ұзартқыштар мен жылытқыштарды, ақауы бар электр құрылғыларын, зақымдалған оқшаулауы бар электр сымдарын және т.б. пайдалану болды.
Естеріңізге сала кетейік, «ЖАТАҚХАНА» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде.
Заңсыз жұмыс істейтін, оның ішінде қайта жабдықталған жатақханалардың барлық фактілері бойынша шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға хабарланатын болады.
Жатақханалар мен хостелдердегі өрт қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтардың барлық фактілері туралы «101» және «112» диспетчерлік қызметінің пультіне хабарлау қажет.
Источник: dknews.kz