үй Қазақстан жаңалықтары Жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге көтеремін

Жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге көтеремін

49
0

226 rob

Жауынгерлік әзірлікті жоғары деңгейге көтеремін

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының

Өскемендегі қара тентек  ұлдарыңыздан сәлем хат.

Асқар тау әкем,  аяулы анашым, бауырларым,  туған-туысқандарым   сіздерге жалынды сәлем, менде бәрі жақсы.  

Шығыс Қазақстан  облысы  Өскемен  қаласындағы  әскери бөлімінде  қызмет атқарып  жатқаныма көп уақыт өтпесе де үйреніп жатырмын. Ең басты денсаулығым зор, қарным тоқ көп уайымдай бермесеңіздер.  

Уайымдайтын да несі бар?  

Елдің  балаларындай  ат шаптырым аймаққа шақырылмадым.  

Семейден жеңіл көлікпен екі сағат  уақытта жетіп алатын жерде азаматтық парызымды өтеудемін. Оның үстіне мындағы офицерлер мен сержанттардың сарбаздарды жауынгерлік  әзірлікке баулудағы әдістемелері де көңілге қонымды, санаға сыйымды. Алғашында тосырқап жүргеніммен, әскери қызмет  ұнауда, алайда үйдегідей еркін жүре алмайтының анық.  

Әскерде темірдей тәртіп сақталып, тапсырманы бұлжытпай орындауға, үлкенді қадірлеп сыйлауға тәрбелейді.  

Мен үшін әскер бозбаланы ер етіп шығаратын ең үлкен мектеп.  Бөлімдегі офицерлер, келісімшарт бойынша қызметшілер барлығын үйретуде. Әскерде жүріп болашаққа үлкен жоспар құрып қойдым.  Ол жоспардың ішінде сіздер де барсыздар.

Өйткені, менің шағын Отаным ол отбасы. Әрине, өзің бөлек жүргенде барлығының қадірін түсінеді екенсің. Ең бастысы, қатарымнан  қалыспай, барлығын меңгеріп жатырмын.  

Алдағы уақытта өзімді әскери қызметші ретінде көргім келеді. Мақсат жауынгерлік әзірлік деңгейін көтеру. Сондай-ақ  Ұлттық ұланға жыл сайын мемлекет тарапынан қомақты қолдаулар көрсетіліп жатыр. Сіздерге айтарым мені осы күнге дейін тәрбиелегендеріңізге алғысым шексіз. Уайымдамаңыздар. Отан алдындағы борышымды өтеп аман есен үйге ораламын.

Диас Исламов,   6699 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері 

Источник: dknews.kz