үй Қазақстан жаңалықтары Жеңілдетілген автонесие: жаңа сайт қазақстандықтар ағынына төтеп бере ала ма? ...

Жеңілдетілген автонесие: жаңа сайт қазақстандықтар ағынына төтеп бере ала ма? Кеше, 12:57

28
0

Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) өкілдері жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беретін жаңа платформа пайдаланушылар ағыны көп болса, төтеп бере

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Жеңілдетілген автонесие: жаңа сайт қазақстандықтар ағынына төтеп бере ала ма?
                Кеше, 12:57

Фото:elements.envato.com

Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) өкілдері жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беретін жаңа платформа пайдаланушылар ағыны көп болса, төтеп бере ала ма деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарушы директоры Ғалымжан Әдидің айтуынша, платформаны әзірлеу кезінде бұл мәселені қордың ІТ саласының қызметкерлері бірінші кредиттік бюро қызметкерлерімен бірге мұқият қарастырған.

«Біздің платформаға DDoS шабуылдары мен теріс манипуляциялардың әсер ету ықтималдығы ескерілді. Сондай-ақ, көптеген жазылушыларды бір уақытта шақыру мәселесі де зерттелді. Осы стресс-тесттерге сәйкес бағдарлама көрсетілген критерийлерден өтті», — деді Ғалымжан Әди.

Қызметтің пайдаланушылар ағынына төтеп беретініне кепілдік бар ма деген сұраққа ол: «Бәрі қалыпты режимде болады деп үміттенеміз» деп жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz