үй Қазақстан жаңалықтары Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

24
0

303 rob

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл. Осы айтулы датаға орай Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде «Ауған ақиқаты» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

 

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Шара барысында Аягөз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник Нұржан Мырзақанов сұрапыл соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің жауынгерлік іс-қимылын тілге тиек етіп, өскелең ұрпаққа патриоттық тұрғыдан сарқылмас өнеге екендігін атап өтті.

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Сонымен қатар, Отан алдындағы азаматтық борышына адал болған азаматтарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасатынын айтып, бөлім атынан ардагерлерге алғыс хат пен сыйлықтарды тапсырды.

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

– Құрметті Ауған соғысының ардагерлері, сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Әркез батылдықты талап ететін әскери саладағы қажырлы еңбектеріңіз бізге және жас мамандарға үлгі-өнеге. Әрдайым күш-қуаттарыңыз артып, абыройларыңыз асқақтай берсін, – деді бөлім бастығы подполковник Нұржан Мырзақанов. 

Жеке құрам Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Кездесу соңында құрметке бөленген ардагерлер мереке қарсаңында арнайы шақырып, марапаттаған бөлім басшылығына алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті. 

Источник: dknews.kz