"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, ертең, 14 қарашада елдің он өңірінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, ертең, 14 қарашада елдің он өңірінде екпіні күшті жел соғып, тұман түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.і. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 25 м/с. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






