Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен жер сілкінісінен кейін Астанаға көшкен алматылықтар легі байқала ма деген сұрақ қойылды, — деп хабарлайды
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтен жер сілкінісінен кейін Астанаға көшкен алматылықтар легі байқала ма деген сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Менің білуімше, алматылықтар өз қаласын жақсы көреді. Иә, оларға, бәлкім, елордаға көшу қызық шығар. Жаппай кетуі екіталай», — деді Сәденов журналистер сұрағына жауап бере отырып. Сонымен қатар, журналистер жер сілкінісі туралы хабарланбағандықтан алматылықтардан арыз-шағымдар болған-болмағанын сұрады. «Ақпарат алмау бойынша — мұндай шағымдар болған жоқ. Мұндай, айталық, мүдделер болған жағдайда полицияның өз міндеті бар — аймақтарды қоршауға алу, қоғамдық тәртіпті күзету және сақтау. Бізге мұндай мәлімдемелер түскен жоқ», — деді Сәденов. Еске салайық, 23 қаңтарға қараған түні алматылықтар жер сілкінісін сезді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Алматыдағы жер сілкінісінің күші 5 балл болды. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






