үй Қазақстан жаңалықтары Жетісу облысында шаруа қожалықтарын тексеру басталды

Жетісу облысында шаруа қожалықтарын тексеру басталды

11
0


                Жетісу облысында шаруа қожалықтарын тексеру басталды

Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында шалғайдағы шаруа қожалықтарын тексеру басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Жетісу полиция қызметкерлері соңғы он күндікте шалғайдағы фазендалар мен фермерлік шаруашылықтарда заңсыз сақталған 14 атыс қаруын тәркіледі және елде болу ережелерін бұзған 16 шетел азаматтарын анықтады. Ресми мәліметтерге сәйкес облыс аумағында мал шаруашылығымен айналысатын 2300-ге жуық шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі елді мекендерден алыс жерде, таулы және дала аймағында орналасқан.

– Шаруа қожалықтарын аралап шығу және тексеру жұмыстарын арнайы топ жүргізуде, оның құрамында учаскелік инспекторлар, көші-қон қызметі және басқа да полиция бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Алғашқы он күнде 1195 шаруашылық тексерілді. Онда тіркелмеген 11 тегіс ұңғылы мылтық, 2 иір ойықты винтовка, 1 газ тапаншасы табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарындағы жұмыскерлердің арасында көші-қон заңнамасының талаптарын елемей жүрген шетел азаматтары анықталды, – деді облыс ПД ЖПҚ бастығы Қайсар Мұхметов.

Рейдтер барысында мал ұрлығы фактілерінің алдын алу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері облыстағы барлық шаруа қожалықтарын, соның ішінде малшылардың тіркелмеген қыстаулары және қараусыз қалған қой қораларын аралап өтуді жоспарлап отыр.

Источник: nege.kz