үй Қазақстан жаңалықтары Жол инфрақұрылымы: Алматыда екі көлік айрығы пайда болады

Жол инфрақұрылымы: Алматыда екі көлік айрығы пайда болады

5
0

257 rob

Жол инфрақұрылымы: Алматыда екі көлік айрығы пайда болады

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жол инфрақұрылымын дамыту аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жолайырықтар салу, магистральдық жолдар мен радиалды көшелерді ұзарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz. 

2024 жылдың соңында Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында жолайрық ашу жоспарланып отыр. Жоба аясында Сейфуллин даңғылында көліктердің кедергісіз жүруі үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын екі түнел салу көзделген. Жансүгіров көшесінде 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Биылғы жылдың 3-тоқсанында Сайын көшесі мен Мөңке би көшесінің қиылысындағы жолайырықты ашу жоспарланған. Бұл «жоңышқа жапырағы» типтес жолайырық, түрлі бағыты әрі кіреберісі болады. Ұзындығы 2,3 км болатын тротуарлар мен веложолдар салу қарастырылған.

Бұған қоса, 2024 жылдың соңына дейін екі көшені ұзарту аяқталады. Біріншісі – Сайын көшесінің бойымен Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жалпы ұзындығы 3,2 км жол. Момышұлы көшесіндегі көлік жүктемесі 30%-ға төмендейді деп болжанып отыр. Екіншісі – Абай даңғылынан Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін. Жалпы ұзындығы 5,3 км болатын көшені ұзарту мегаполис орталығынан ҮАААЖ-дан батыс бағытта қосымша дәлізді қамтамасыз етеді.

Қазір Рысқұлов даңғылын Ф.Оңғарсынова көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту қолға алынған. Учаскенің жалпы ұзындығы – 2,3 км. Келесі жылы Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту басталады. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Оның жалпы ұзындығы 10,5 км. Дәл осы кезеңде Солтүстік айналма көшесін ұзындығы 1,2 км болатын қала шекарасына дейінгі ұзартуды бастау көзделген.

Источник: dknews.kz