үй Қазақстан жаңалықтары Кәсіпкерлікті дамыту: «бір ауыл – бір өнім»жобасы қалай іске асырылуда

Кәсіпкерлікті дамыту: «бір ауыл – бір өнім»жобасы қалай іске асырылуда

91
0

186 rob

Кәсіпкерлікті дамыту: "бір ауыл – бір өнім"жобасы қалай іске асырылуда

Фотосурет: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

«Бір ауыл – бір өнім» 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға сәйкес әзірленген «Мен кәсіпкер» құралы аясында іске асырылуда. Жобаның мақсаты – сертификаттаудан өткен әрі сұранысқа ие бірегей сапалы өңірлік өнімді жасауға ауыл тұрғындарын тарту, деп хабарлайды DKNews.kz.   

Әлеуетті өндірушілерге «Бір ауыл – бір өнім» қызметтері әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында ұсынылады.

Кәсіпкерлікті дамыту: "бір ауыл – бір өнім"жобасы қалай іске асырылуда

Үздік өнім еліміз бойынша іріктеліп алынады. Биыл жобаға 500-ден астам кәсіпкер қатысты.

Кәсіпкерлікті дамыту: "бір ауыл – бір өнім"жобасы қалай іске асырылуда

Аталмыш жоба ең перспективалы тауарларды анықтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде негізінен тамақ өнімдері, ұлттық бұйымдар мен биотехникалық өнімдер бар.

Кәсіпкерлікті дамыту: "бір ауыл – бір өнім"жобасы қалай іске асырылуда

Жобаның іріктелген қатысушыларына өндіріс технологиясы бойынша оқыту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ өнімді жылжыту және өткізу, тауар белгілері мен сапа стандарттарын әзірлеуге, өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсетілді. «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Жобаны 2025 жылдың желтоқсанына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

Источник: dknews.kz