үй Қазақстан жаңалықтары Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

49
0

202 rob

Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

2024 жылғы 8-13 қаңтар аралығында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының спорт залында үстел теннисінен жеке-командалық біріншілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарысқа Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультеті, бас басқармалар, басқармалар  және қызмет құрама командалары қатысты. Жалпы саны 32 қатысушы сайыс көркін қыздырды.

Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

Сайыстың ашылуына Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Воронкин арнайы қатысты.

Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

Үстел тениссі – олимпиадалық спорт түріне жатады. Аталған спорт түрі әлемде кеңінен таралған. Ойынның ережелері мен тәсілдері адамды ептілікке, қырағылыққа және тез шешім қабылдауға үйретеді. Сондықтан да Бас қолбасшылықта ұйымдастырылған біріншіліктің маңызы зор. Бәсекеге толы кездесулерде тек қана мықтылар жеңіске жетеді. Баршаңызға сәттілік серік болсын! Генерал-майор Константин Воронкин

Тартысқа толы жарыс бірнеше күнге созылды. Әсіресе, командалық ойындар қызықты өтті. Нәтижесінде 1 орынды жауынгерлік даярлық бас басқармасы мен әскери қызмет және әскерлер қызметінің қауіпсіздігі басқармасынан құралған команда жеңіп алды. 2 орын ұжымдастыру-жұмылдыру басқармасы мен кадр және әскери білім басқармасынан құралған команда еншісінде кетті. Ал арнайы операциялар орталығы 3 орын иеленді.

Ұландық әскери қызметшілер үстел теннисінен сайысты

Жекелей сайыста Ұлттық қорғаныс университетінің Ұлттық ұлан факультеті қызметтік-жауынгерлік қызметті қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы полковник Қуандық Байбусинов үшінші орын иегері атанды. Ұлттық ұлан спорт командасын даярлау орталығының бастығы (бас бапкер) полковник Руслан Жакупеков екінші орын алса, кадр және әскери білім басқармасы жинақтау бөлімінің аға офицері капитан Саят Шыныбай жеңіс тұғырынан көрінді.      

Жеңімпаздар Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Е. Ботақановтың бұйрығы аясында медальмен және грамоталармен марапатталды. Ал командалық есепте көшбасшы атанған топқа ауыспалы кубок табысталды.

Источник: dknews.kz