үй Қазақстан жаңалықтары Ұландықтар Астана тұрғындарына жоғалған смартфондарын қайтарып берді

Ұландықтар Астана тұрғындарына жоғалған смартфондарын қайтарып берді

6
0

234 rob

Ұландықтар Астана тұрғындарына жоғалған смартфондарын қайтарып берді

Фотосурет: pixabay.com

19 қараша күні сағат 21:10 шамасында елорданың «Алматы» ауданында қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы Жәнібек Қабыл қатардағы жауынгер Амиль Нұрланұлымен бірге «IPhone 6» маркалы телефон тауып алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Олар табылған зат туралы дереу аға бастықтарына хабарлаған.

Ұландықтар Астана тұрғындарына жоғалған смартфондарын қайтарып берді

— Телефон жоғалтқан адамды іздеуді бастаған соң смартфонға құрылғы иесінен қоңырау түсті. Кейінірек ол телефон табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның оған тиесілі екендігіне көз жеткізіп, телефонын қайтарып бердік, — дейді қатардағы Жәнібек Қабыл.

Әйел адам ұландықтарға қырағы және адал қызметі үшін алғыс айтты.

Ұландықтар Астана тұрғындарына жоғалған смартфондарын қайтарып берді

Сол күні сағат 21:30-да елорданың «Алматы» ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарып жүрген әскери жасақ IPhone 13 телефонын тауып алған. Ұландықтар құрамында жасақ бастығы — қатардағы жауынгер Нұрғазы Аязбиев пен патрульдеушілер қатардағы жауынгерлер Аманжол Ашықбай мен қатардағы Нұржан Амантай болған. Олар табылған зат туралы патрульдік топтың бастығына баяндалды.

5 минуттан кейін смартфон иесі қоңырау шалып, ұландықтар шақырған жерге келді. Телефоны табылғанына қуанған жас жігіт сарбаздар мен олардың командирлеріне алғысын білдірді.

Источник: dknews.kz