үй Қазақстан жаңалықтары Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

23
0

244 rob

Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта су тасқынына байланысты ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында туындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, Арқалық қаласына жақын орналасқан бірнеше ауылды еріген қар су басып жатыр.

Бүгінде Қазақстанның 11 өңірінде әкімдіктер, ТЖД өкілдері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің жеке құрамы Қостана қаласында қар суынан келген залалды азайтуға белсенді қатысып жатыр.

Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

— Жедел мақсаттағы бірінші батальонның күшімен қауіпті аудандарды нығайту үшін 500-ден астам құм толтырылған қап дайындалды. 25-тен астам техника жұмылдырылды. Ең қауіпті учаскелерде құрғақ аумақтардың шекарасын нығайту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жиналған суды ағызу үшін жыралар жасалуда. Бұл саяжайлар мен жолдарды су басудың алдын алу үшін қажет, — деп атап өтті жедел мақсаттағы рота командирінің орынбасары лейтенант Әлішер Қайролдинов.

Айта кетейік, жергілікті халық 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне су басу қаупі кезінде өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Олардың сыни сәттерде көмекке ұмтылуы әскери және бейбіт тұрғындар арасындағы өзара қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.

Ұландықтар Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсетуде

Тағы бір айта кететін жайт, үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде облыс орталғындағы тұрғын үйлер орналасқан аймақтарда су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылған. Қазіргі уақытта қаланы су басу қаупі жоқ.

Источник: dknews.kz