220 Awrora
Бүгінгі таңда Қазақстанда 140 мыңнан астам табысы аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек түрінде мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға төленеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға заттай түрдегі азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтар ақшалай түрге ауыстырылды. Оның мөлшері 1,5 АЕК-ті немесе 2023 жылы 5175 теңгені құрайды және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі.
Сондай-ақ Әлеуметтік кодекс аясында «Марапатталған аналар» атты жаңа тұжырымдамасы енгізілмек. Мәртебе «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы анаға құрмет ретінде өмір бойы беріледі.
«Марапатталған аналарға осы уақытқа дейін 6, 7 бала туған, «Күміс алқа», «Алтын алқа» наградаларын алған аналарға 6,4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленсе, 2023 жылдан бастап «Алтын алқа» алған аналарға оның мөлшері 7,4 АЕК-ті құрайтын болады. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарға әсер етеді. 2023 жылы жәрдемақылардың барлық мөлшері 8,5%-ға артады. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 653 млрд теңге көзделген, бұл биылғы бюджеттен 21,5%-ға артық» Назгүл Сағындықова
Источник: dknews.kz