157 Арман
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы Астана қаласындағы No88 мектеп-лицейінде 7-11 сынып оқушылары үшін «Ұлттың қайта өрлеу дәуірі» атты дәріс өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Дәріс барысында мектеп оқушылары революцияға дейінгі және жаңа кезеңдегі Қазақстан тарихындағы тың тарихи фактілер мен маңызды оқиғалар туралы жаңа ақпараттармен танысты. Тәуелсіздік Декларациясын қабылдаудың мемлекеттілігімізді қалыптастыру мен нығайтудағы маңыздылығы ерекше атап өтілді, сондай-ақ, саяси өзгерістер аясында еліміздегі қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құрудың заманауи үдерістері сипатталды. Әділетті Қазақстанның институттарын құру жолындағы реформалардың маңыздылығына назар аударылды.
Лектор дәрісін Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың:
«Кең ауқымды саяси және экономикалық реформаларды бастап, біз елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне аяқ бастық. Бұл бастамалардың табысты болуы әрқайсымызға байланысты. Мемлекетіміздің одан әрі табысты дамуы – алдымызда тұрған басты міндет. Оған жету үшін аянбай еңбек ету керек. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады» Деген сөздерімен қорытындылады
Источник: dknews.kz