Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ мәліметіне сілтеме жасап. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада. Жылдық инфляция 2023 жылдың аяғына қарай бір таңбалы мәнге жеткен. «Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болды. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасуда. Фискалдық ынталандырумен қамтамасыз етілген орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ жоғары және тұрақсыз инфляциялық күтулер тарапынан ішкі экономикада инфляциялық қысым сақталып отыр», — делінген ҰБ хабарламасында. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның динамикасына және оның болжамды траекториясына қаншалықты сәйкес келетініне байланысты болады. «5 авйыздық инфляция бойынша мақсатқа жету үшін ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Ұлттық Банк экономикадағы ақпараттар легін қадағалап отыратын болады және күтпеген өзгерістер болмаса, базалық мөлшерлемені өзгертуді тоқтата тұруды жоққа шығармай, оны кезең-кезеңімен төмендетуді жалғастырады. Сонымен бірге мөлшерлемені төмендету циклі ұзақ болуы мүмкін». Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






