үй Қазақстан жаңалықтары Ұлттық ұлан сарбазы тәртіп бұзушыны құрықтады

Ұлттық ұлан сарбазы тәртіп бұзушыны құрықтады

34
0

214 rob

Ұлттық ұлан сарбазы тәртіп бұзушыны құрықтады

18 қантар күні сағат 17.20 шамасында Ұлттық ұланның Қарағанды қаласындағы 6505 әскери бөлімнің ішкі қарауыл қызметі кезінде бақылау құралдарының сақшысы бөгде адамның әскери бөлімнің маңына қарға зат салып жатқанын байқайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш оқиға бойынша сарбаз бірден қарауыл бастығына баяндап, әскери бөлімнің қызметшілерімен қарағандылық 27 жастағы азамат қолға ұсталады. Тексеріс кезінде тәртіп бұзушының қалтасынан ақ-көк түсті арнайы иісті 4 бірдей фольгаға оралған зат және қарға көмілген дәл сондай 3 зат табылды.

-Менің қызметім әскери бөлімнің ішкі және сыртқы аумағын бақылау құралдары арқылы тексеру болатын. Қызмет барысында кенет әскери бөлімнің маңына көлік тоқтап, ішінен белгісіз азамат шығып бір заттарды көміп жатқанын байқадым. Міндетіме сай, қарауыл бастығына баяндадым, — дейді қатардағы Ердәуіт Сарсенбай.

Оқиға орнына полиция қызметінің жедел тексеру тобы шақырылып, тәртіп бұзушыны толығырақ тексеріс жұмыстары үшін полиция бөліміне алып кетті.

Источник: dknews.kz