үй Қазақстан жаңалықтары Ұлытау облысының төлтаңбасы Желіде дау туғызды ...

Ұлытау облысының төлтаңбасы Желіде дау туғызды Кеше, 14:57

42
0

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • АВТОР
  • Гүлнара Досымшалова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Ұлытау облысының төлтаңбасы Желіде дау туғызды
                Кеше, 14:57

Жаңадан құрылған Ұлытау облысының елтаңбасы бекітілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімдігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тұрғындар таңдаған Ұлытау облысының Төлтаңбасы өңіріміздің ажырамас өткенін, бүгінін және болашағын байланыстырады.

Бұдан былай бұл Төлтаңба Ұлытау облысының айрықша белгілерінің бірі болады. Төлтаңба эталонын арнайы комиссия бекітті, оның құрамына аймақтағы танымал ғалымдар мен суретшілер, тарихшылар мен педагогтар, құрметті ардагерлер мен қоғам қайраткерлері енді. Комиссияның төрағасы қазақстандық суретші және сәулетші, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы авторы Ж.Мәлібеков болды.

Төменгі жағында орналасқан «ŪLYTAU» жазуы таңбалы тас петроглифтері стилінде бейнеленген. Бұл өз кезегінде, біздің өлкеміздің бай тарихын, халықтың бірлігі мен тұтастығының ғасырлар бойғы дәстүрлерін бейнелейді. Ғалымдар таңбалы тасты қазақ халқының алғашқы Конституциясы деп атағаны кездейсоқ емес: мұнда ру өкілдері тастарға петроглифтер ойып, Мәңгілік бауырластықта болуға ант берген», — делінген әкімдік жазбасында.

Әкімдік облыс елтаңбасының үздік эскиздік жобасына байқау бірнеше ай бойы жүргізілгенін, эскиз авторы дизайнер Шахибаден Сейткенов болғанын атап өтті.

Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушылары облыс рәмізін бекіткен комиссияның әрекетін сынға алды.

«Бұдан жақсы нұсқалар болған еді ғой. Мынаны кім таңдады екен, ұят», » Ұят, мақтанып салатындай ештеңе жоқ! Мынаны 30 мың теңгеге Алматы немесе Жезқазғанда кәдімгі визуалды дизайнерден тапсырыс беруге болады. Бұл қаланың, облыстың бейнесі болғандықтан дұрыстап таңдау керек еді», «Комиссиядағылар не ойлады екен а?», — деп жазды Желі қолданушылары.

Сондай-ақ, Желі қолданушылары елтаңбаға арналған таулардың сұлбасын Pixabay.com сайтының тегін суреттер банкінен алуға болатынын жарыса жазды.

Әкімдік хабарламасынан Ұлытау облысының Төлтаңбасын таңдауға өңірдің барлық тұрғындары да Instagram парақшасында танымал «Это Жез» парақшасында дауыс беру арқылы қатысуға мүмкіндік алғаны білуге болады.

Ал облыс әкімдігінің Telegram-арнасында конкурс қорытындысы жойылғаны туралы хабарлама пайда болды.

«Облыс эмблемасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындысын және конкурс комиссиясының нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды», — деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz