үй Қазақстан жаңалықтары Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

82
0

252 Арман

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Фотосурет: Ж. Жұмабеков

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар ҚР Конституциялық сотының судьяларын тағайындау мәселелерін қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастайды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов судьялар лауазымына Қанат Мусин, Еркін Оңғарбаев, Сергей Ударцевтің кандидатурасын ұсынды.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов олардың заң саласында мол тәжірибесі бар білікті әрі тәжірибелі мамандар екенін атап өтті.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

«Қанат Сергейұлы Мусинді өздеріңіз жақсы білесіздер, құқықтық қорғау, әділет органдарында көп жыл еңбек етті, Парламент Мәжілісінің депутаты, комитет төрағасы болды. Қазіргі таңда еліміздің Әділет министрі» Арман Қожахметов

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Сондай-ақ мәжілісмен комитет кандидаттарды қарау нәтижесінде оң қорытынды қабылдағанын да айтып, әріптестерінен тағайындауды қолдауды сұрады. Депутаттар қолдап дауыс берді.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Палата Төрағасы Ерлан Қошанов Конституциялық Соттың жаңа судьяларын қызметке тағайындалуларымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палатаның бір жылдық қызметіне қорытынды жасады. Ол Парламенттің төменгі палатасының биыл көптеген заңнамалық жұмыс атқарғанын айтты.

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

«Ең алдымен, тарихи деп атауға болатын конституциялық түзетулер блогы қабылданды. Біз Мемлекет басшысының ауқымды бастамаларына уақытылы және сапалы заңнамалық қолдау көрсеттік. Әлеуметтік маңызы зор бірқатар заң қабылданды. Жалпы биыл Мәжіліс жұмысында 154 заң жобасы болды. 93 заң жобасы қаралып, Сенатқа жолданды, оның 75-іне Президент қол қойды» Ерлан Қошанов

Мәжіліс Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

Сондай-ақ Ерлан Қошанов жаңа жылдан бастап Палатаның жаңа конституциялық шарттар бойынша жұмыс істейтінін және бұдан былай заңдар қабылдайтынын атап өтті. Сондай-ақ 2023 жылы Мәжіліс сайлауы өтеді.

Источник: dknews.kz