үй Қазақстан жаңалықтары Мемлекеттік қызметті жаңғырту басымдықта: ашық және сервистік аппаратты қалыптастыру

Мемлекеттік қызметті жаңғырту басымдықта: ашық және сервистік аппаратты қалыптастыру

30
0

216 rob

Мемлекеттік қызметті жаңғырту басымдықта: ашық және сервистік аппаратты қалыптастыру

Фотосурет: ҚР МҚІА

«XXI ғасырдағы меритократия негізінде мемлекеттік қызметтің адам ресурстарын басқару» халықаралық семинар аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссияның төрағасы Ларби Джактамен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Екіжақты кездесу барысында МҚІА төрағасы Мемлекет  басшысымен мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту мәселесі ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыт ретінде айқындалғанын айтып, басты мақсат – ашық, клиентке бағдарланған, сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру екендігін атап өтті.

Дархан Жазықбай бұл бағытта мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою және «шығу» тәртібін жеңілдету, мемлекеттік секторға персоналды іріктеу және басқару процестерін цифрландыру, кадрлық әлеуетті арттыру және таланттарды тарту бойынша іске асырылып жатқан шаралар жайлы хабарлады. Ол Президенттік жастар кадр резервіне ағымдағы іріктеу туралы айтып, жобаның жаңа басқару мәдениетін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Ларби Джакта мырза мемлекеттік қызметті жаңғырту бойынша Қазақстанның тәжірибесін оң бағалап, мемлекеттік қызмет үшін таланттарды белсенді іздеудің және меритократия қағидаттарын сақтаудың перспективаларына тоқталды.

Тараптар сондай-ақ адам ресурстарын басқару саласын дамытудың ағымдағы әлемдік трендтерін және мемлекеттік қызметті жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша бірлескен бастамаларды іске асыру үшін күш-жігерді нығайту маңыздылығын талқылады.

Источник: dknews.kz