үй Қазақстан жаңалықтары Мереке күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді? ...

Мереке күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді? Кеше, 14:52

113
0

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Мереке күндері ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
                Кеше, 14:52

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 16 желтоқсанда ХҚКО мен Арнайы ХҚКО-лар жұмыс істемейтіні хабарланды.

«Бұл ретте 18 желтоқсанда, дүйсенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары қабылдайды, сейсенбі — 19 желтоқсаннан бастап мемлекеттік корпорация әдеттегідей жұмыс істейді», — делінген хабарламада.

Еске салайық, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекшілік қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz