үй Қазақстан жаңалықтары «Мінсіз емеспін» — Досаев Алматы әкімі ретіндегі қызметі туралы ...

«Мінсіз емеспін» — Досаев Алматы әкімі ретіндегі қызметі туралы Кеше, 10:51

5
0

Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде екі жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


"Мінсіз емеспін" - Досаев Алматы әкімі ретіндегі қызметі туралы
                Кеше, 10:51

Фото:gov.kz

Ерболат Досаев Алматы әкімі ретінде екі жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің Алмалы ауданы халқымен кезекті кездесуінде журналист Ерболат Досаевты екі жылдан бері Алматы әкімі қызметін атқарып келе жатқанымен құттықтады. Журналист Алматы әкімі осы екі жылда істеген қандай істерімен мақтанатынын да сұрады.

Досаев мәселе алматылықтардың оны қалай бағалайтынында екенін айтты.

«Мен Алматының игілігі мен дамуы үшін шын жүректен еңбек етіп келемін. Түрлі істер атқарылды, кейбіріне уақыт жетпеді. Бұл бөлек әңгіме деп есептеймін, менің ойымша, оған уақыт болады. Бұл жерде мәселе менің сезімімде емес, азаматтардың еңбегімді бағалауында. Егер жиналыс, менің алдағы кездесулерім немесе атқаратын істеріміз мақұлданса, мен өз орнымдамын және жұмысымды жақсы орындауға тырысамын… Әр жолы сіздердің идея мен өтініштеріңізді алға жылжытуға тырысамыз. Біз тірі адамбыз, біз мінсіз емеспіз, әкім ретінде мен де мінсіз емеспін. Бірақ екі жыл әркелкі болды, уақыты болады, бұл туралы айтып беремін», — деп жауап берді Алматы әкімі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz