үй Қазақстан жаңалықтары Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

19
0

255 rob

Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нұркен Шәрбиев 1976 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығының бас экономисті болып бастаған.

2000–2002 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік  департаменті, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаменті, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасының жетекші, бас маманы болып жұмыс істеді.

2002-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2011-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссия Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).

2013-2014 жылдары — «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2014-2017 жылдары жеке меншік ұйымда жұмыс істеді.

2017-2018 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018-2020 жылдары — «Тараз» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы.

2020-2022 жылдары — «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры – департамент директоры.

2022 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін  «АМАНАТ» партиясы «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы қызметін атқарды.

Источник: dknews.kz