үй Қазақстан жаңалықтары Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады ...

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады Кеше, 17:27

7
0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан қазақстандықтарға алғыс айтты, —

  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
                Кеше, 17:27

Фото: nazarbayev.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан қазақстандықтарға алғыс айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.

Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», — делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша ақпарат расталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz