үй Қазақстан жаңалықтары «Наурыз Фест»: Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

«Наурыз Фест»: Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

47
0

263 rob

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

Фотосурет: Аkorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы «Абай» алаңында өтіп жатқан халықаралық «Наурыз Фест» фестиваліне барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл шығармашылық шара Наурыз мейрамын тойлайтын елдердің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия және Башқұртстанның мәдениеті мен дәстүрін бір шаңырақ астына біріктірді.

Шетелдік қонақтар өздерінің декоративті-қолданбалы өнер туындыларын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстырып, халық әндерін шырқады.

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

Алаңда шараға қатысушы елдердің шатыр-шеберханалары, ұлттық тағам павильондары, киіз үйлер тігілген қазақ этноауылы, интерактивті алаңқайлар, балалар шығармашылығы және роботты техника аймағы, инсталляциялар, шағын сәулет нысандары мен композициялар орнатылған.

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

Фестиваль бағдарламасы аясында музыкалық ұжымдар шеруі, театрландырылған қойылымдар, отандық және шетелдік қолөнершілер жәрмеңкесі және «Қамшы» атты көрме ұйымдастырылды.

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

Мемлекет басшысына оқушылардың роботты техника саласындағы озық әзірлемелерін көрсететін инновациялық алаң – «Робо-киіз үй» таныстырылды.

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

"Наурыз Фест": Алматыда Тоқаевқа не көрсетті?

Бұл жұмысты Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары, Global Challenge 2023 чемпионатының абсолютті жеңімпаздары Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал, Сергей Гапонов, Нұрсұлтан Жанұзақов, Нұрислам Тұрғынбай әзірлеген.

Источник: dknews.kz