үй Қазақстан жаңалықтары Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамада қоғамның нақты сұраныстары ескеріледі – ІІМ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамада қоғамның нақты сұраныстары ескеріледі – ІІМ

33
0

319 Awrora

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамада қоғамның нақты сұраныстары ескеріледі – ІІМ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұжырымдама жобасын таныстыра отырып, үш стратегиялық бағытты атап өтті: азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін қорғау деңгейін арттыру; құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру; полицияны қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи тиімді ұйымға айналдыру.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамада қоғамның нақты сұраныстары ескеріледі – ІІМ

Ішкі істер министрі Тұжырымдаманың басты ерекшелігі оны әзірлеу тәсілін өзгерту екенін атап өтті. Тұжырымдаманы әзірлеуге әуел бастан жұртшылық, ҮЕҰ, тәуелсіз сарапшылар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар белсенді қатысады. Осылайша, тұжырымдамада «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келетін қоғамның нақты сұраныстары ескерілетін болады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша өтініштердің артуына байланысты Тұжырымдама жобасында мынадай заңнамалық өзгерістер енгізу көзделген: әрекет етудің өтініш беру формасынан анықтайтын түріне көшу және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамада қоғамның нақты сұраныстары ескеріледі – ІІМ

Өзгерістер нашақорлықтың алдын алуға, соның ішінде есірткіні тұтыну фактілерін ерте бастан анықтау жүйесін енгізуге, барлық құқық бұзушылықтың 90% құрайтын мүлікке қарсы қылмыстардың алдын алуға, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және басқа да салаларға да қатысты болады.

Барлық нормативтік-құқықтық актілерге ревизия жүргізу, қылмыстың алдын алу жөніндегі заңнаманы жүйелеу және сарапшылармен, ҮЕҰ-мен, ғалымдармен әріптестік тетігін қарастыру ұсынылады.

Кеңеске қатысушылар жалпы Тұжырымдама жобасын мақұлдады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ішкі істер министрлігіне құжатты қоғаммен бірге әзірлеуді қамтамасыз етуді және Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.

Источник: dknews.kz