үй Қазақстан жаңалықтары Қоғамдық кеңестің отырысы: Еңбек министрлігі өз бастамаларын ұсынды

Қоғамдық кеңестің отырысы: Еңбек министрлігі өз бастамаларын ұсынды

21
0

121 Awrora

Қоғамдық кеңестің отырысы: Еңбек министрлігі өз бастамаларын ұсынды

Фотосурет: Gov

Еңбекминінің ағымдағы жұмысы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әлеуметтік-еңбек саласы жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері онлайн-режимде өткен кезекті отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлерін ағымдағы жұмыс мәселелері бойынша тыңдады.

Іс-шара барысында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмысының ерекшеліктері, 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жобасы, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша, оның ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселесі бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселелері қаралды.

Источник: dknews.kz