17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, бұрқасын соғып, тұман болады, кей өңірде жауын-шашын мол түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz
- АВТОР
- Гүлнара Досымшалова Корреспондент
- ПОДЕЛИТЬСЯ
- Vkontakte
- Одноклассники
- Telegram
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Email рассылка
- Жаңалықтар
- Қазақстан жаңалықтары
- Әлем жаңалықтары
- Қате таптыңыз ба?
- Оны таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз
17 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде жел, бұрқасын соғып, тұман болады, кей өңірде жауын-шашын мол түседі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысының көп бөлігінде қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр, қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 23 м/с болады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Қарағанды облысында да тұман, жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысында көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі. Екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады. Ұлытау облысында тұман, жаяу бұрқасын болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 18 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз! Источник: kaz.tengrinews.kz






