үй Қазақстан жаңалықтары Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

69
0

325 Awrora

Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

Мемлекет басшысының өкімдеріне сәйкес авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Нұртас Қабақов – әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұдан басқа, әуе қорғанысы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің бұйрығымен Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасында жеке құрамға ел Президентінің өкімдерін жеткізіп, лауазымдарға жаңадан тағайындалған тұлғаларды  таныстырды.

Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

Қорғаныс министрі авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов, генерал-майор Нұртас Қабақов және генерал-майор Қайрат Садықов жоғары лауазымдарда қорғаныс қабілетін нығайту және әуе шептерін қорғауды қамтамасыз ету ісінде Мемлекет басшысының жүктеген үмітін ақтайтынына сенім білдірді.

Қорғаныс министрі жеке құрамға Әуе қорғанысы күштерінің жаңа басшылығын таныстырды

Бейнеконференцбайланыс форматында өткізілген іс-шараның соңында генерал-полковник Руслан Жақсылықов ел Президентінің – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының талаптарына қарай Әуе қорғанысы күштерін одан әрі дамытудың негізгі басым бағыттарын айқындады.

Источник: dknews.kz